Бүгін «Дәулет» теннис орталығына Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден мен депуттары келді.

Сапар барысында қонақтар орталықтың инфрақұрылымымен, оның ішінде ашық және жабық теннис корттарымен, жаттығу залымен, тамақтану аймағымен және оқу ғимаратымен танысты.
Бұқаралық және инклюзивті спорттың дамуы жөніндегі мәселелер, сондай-ақ алдағы серіктестіктің перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында қонақтар 5-ші мамыр мен 10-шы мамыр аралығында Астанада өтетін дамуында интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында теннистен Virtus 2025 Әлем чемпионатына шақырылды.